Атырауда көлік жүргізушісі қағып кеткен әйел адам ауруханада көз жұмды
Атырауда көлік жүргізушісі қағып кеткен әйел адам ауруханада көз жұмды
© inbusiness.kz
623
оқылды
Қайғылы оқиға Атырау қаласында 10 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Нұрсая ықшамауданында болған. Mercedes Benz көлігінің 1979 жылғы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтпекші болған 1991 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жүргізуші зардап шеккен азаматшаға көмек көрсетудің орнына, оқиға орнынан бой тасалаған.
"Жаяу жүргінші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, ұстап департаменттің Анықтау басқармасына тапсырды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Жаяу жүргінші 12 сәуір күні реанимацияда көз жұмды" делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова