Алматыда дүкеннен қыздың кесілген басы табылды: марқұмның кім екені белгілі болды (видео)
Алматыда дүкеннен қыздың кесілген басы табылды: марқұмның кім екені белгілі болды (видео)
© orda.kz
4,398
оқылды
Алматыдағы дүкендердің біріне қыздың кесілген басын лақтырып кеткен. Оқиға Шолохов көшесінде болды. Бұл туралы arbat.media хабарлайды. Басылымның сипаттамасында ер адамның бутикке кіріп, пакетті тастап кеткені айтылған. Сатушы оны «ұмытшақ» сатып алушыға беруге асыққан, бірақ ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Өкінішке қарай, сатушы дәл бүгін қауіпсіздік камераларын қоспағанын айтты. Алматы полициясы басы кесілген әйелді өлтірген күдіктіні іздестіруде. Бүгін сағат 08:40-те 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат расталды. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді: әйелдің басы кесілген. Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.