Мұхтар Тайжан қамауға алынды
Мұхтар Тайжан қамауға алынды
© qazpolit.org
788
оқылды
Саясаткер Мұхтар Тайжан қамауға алынды. "Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен М.Тайжан ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.