Ақтауда ауызашарға барған 16 дәрігер астан уланды
Ақтауда ауызашарға барған 16 дәрігер астан уланды
1,332
оқылды
Ақтауда дәрігерлер жаппай астан уланды. Ұшынып қалған 16 дәрігер қаладағы белді қонақ үйдің мейрамханасында ауыз ашқан, деп жазады КТК. Қазір астан уланғандардың тең жартысы емделіп жатыр. Инфекционистер барлығының жағдайы орташа екенін айтады. Денсаулық сақтау басқармасындағылар уланған дәрігердің әрқайсысының қарауында емделуші 100-ден аса науқас барын жеткізді. Сондықтан бұл жағдай оларды әбігерге салып отыр. Қонақ үй басшылығы аталған жағдайға қатысты тексеріс басталғанын жеткізді.
"16 науқас келіп қаралды. Олардың ішінде 10 адамды біз ішек инфекциясы, гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға жатқыздық. Алтауында жеңіл түрде болған соң, оларды амбулаторлық емге жолдадық. Оларың бәрінде де ішек инфекцияларының клиникалары болды. Іші бүріп ауырған", – дейді Маңғыстау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлбану Нұржанова.