Жол картасының жобасы талқыланды
Жол картасының жобасы талқыланды
806
оқылды
Ақмола облыстық мәс­ли­хатындағы «AMANAT» пар­­тия­сының депутаттық фрак­­циясының кезекті оты­ры­сында партияның Ақмола облысы бойынша 2023-2027 жылдарға ар­налған Сай­лауалды бағ­дар­ламасының жобасын тал­қылады. Облыстық сайлауалды бағ­дар­ламаны іске асыру мақса­тында Экономика және бюд­жеттік жоспарлау басқармасы жетекшілік ететін салалар бо­йынша өзекті мәселелерді шешу үшін облыстық мемлекеттік ор­гандар мен ведомстволардың ұсыныстары негізінде 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» облыстық Жол картасы­ның жобасы әзірленген бола­тын. Оған партияның облыстық фи­лиалының 10-ға жуық іс-шарасы енгізілген. Депутаттық фракция мүше­лері Жол картасының әр тар­мағын қарап шығып, олардың алдағы уақыттағы орындалу барысын талқылады. Сайлауал­ды бағдарламаның ең маңызды 4 тармағы айқындалды. «Та­бысты арттыру», «Өмір сүру сапасын жақсарту», «Тұрмыстық жағ­дай­ды жақсарту» және «Эко­ло­гия­лық жағдайды жақсарту» тар­мақтары бойынша объек­тілер мен орындалу мерзімі көрсетіле отырып, қол жеткізу­дің нақты жолдары белгіленеді. Әр тармақ бойынша жауапты атқарушы органдар мен фрак­ция депутат­тары тағайындалды. Жалпы, облыстық Жол картасы бойынша мәселелер қызу тал­қыланып, барлық ескертулер пысықталды. «АМАNАТ» партиясы Ақ­мола облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының кезекті оты­рысында Жол картасы бекі­тіліп, оның әр тармағына фрак­ция депутаттары жауапты болып бекітіліп, депутаттық фракция­ның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары айқындалды. Сондай-ақ депутаттардың азаматтарды қоғамдық қыбалдау бөлмесінде қабылдау кестесі де бекітілді. Партиялық бақылау комиссия­сының құрамына, облыстық филиал жанындағы Мемле­кеттік басқаруды дамыту және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ