Қарияларға қайырымдылық көрсетті
Қарияларға қайырымдылық көрсетті
655
оқылды
Қасиетті Рамазан айында партия мүшелері еліміздің түкпір-түкпірінде қарияларға қайырымдылық жасауға белсене кірісті. Маңғыстаулықтар Рамазан айындағы игі істерді қарттар үйі­нен бастады. Облыстық филиал жанындағы «Жастар рухы» жас­тар қанаты №2 арнаулы әлеу­меттік қызмет көрсету орталығы­на барып, қариялардың ақ бата­сын алды. «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы­ның төрағасы Нұрбек Қарасаев жастармен бірге орталыққа ба­рып, қарттармен тілдесіп, олар­дың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Партияның қарияларға арналған игі шарасына тырнақ сәндейтін шебер Ақтоты Садықова мен шаш алатын barber__smith ор­та­лы­ғының шебері Самат Қосанов пен шәкірті атсалысты. Шаш қиып, сәндеп, тырнақ алып, әсем­деп болғанша кезектегі қарт­тарымызға арналған тәтті сусын­дар мен тіскебасарлар тарту етілді. Ал Түпқараған аудандық фи­лиалының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында «Арда­герлерді ардақтайық!», «Кедер­гісіз келешек» партиялық жобасы аясында филиал төрағасы Свет­лана Жолдасова Форт-Шевченко қаласының тыл ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі және аз қам­тылған отбасы мүшелеріне барып, тұрмыс жағдайларымен танысып, азық-түлік себеттерін тапсырды. Сондай-ақ филиалдың қоғамдық бөлімінде ол Форт-Шевченко қаласының тұрғыны, ІІІ топ мүгедегі А.Құтжанованы қабылдады. Арыз иесінің өтініші оң шешіліп, партия филиалы төра­ғасы Светлана Түгелқызы­ның демеушілігімен екі айға су қаражаты төленді. Шымкент қаласында да пар­тияның жастар қанаты Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Мосунова әжейдің шаңырағына барып, үй шаруасына көмектесті. Жасы жүзге таяған қарт ана Нина Мосунова – Ұлы Отан соғысы­ның ардагері, радио операторы болып қызмет еткен. Бейнетінің зейнетін көрер ша­ғында кейуана жалғыз қалып отыр. Зейнеткерге зейін бөлуді партия белсенділері ұдайы жал­ғастырып келеді. Бір топ бел­сенді жас қарияның хал-жағ­дайын біліп, үйінің айнала­сына көктемгі тазалық жұмыс­тарын жүргізіп қайтты. Мұндай шара дүйсенбі күні Шиелі ауданында да өтті. Аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қаты­суымен жасөспірімдер арасын­дағы қылмысты алдын-алу мақ­сатында жедел жиын өтті. Жиынға аудандық мәслихат де­путаттары, полиция бөлімінің қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім бас­шы­лары қатысты. Аудан әкімі аймақта ушығып тұрғын мектеп жасындағы балалар арасындағы топтық төбелестің Шиелі ауда­нында қайталанбауы үшін бар­лық құрылымдар бірігіп жұмыс атқару керектігін, рейдтік шара­лар мен түсіндірме жұмыстарын күшейту маңызды екендігін айт­ты. Өз кезегінде, аудандық мәс­лихат депутаттары да ұсы­ныс­тарын жеткізіп, «AMANAT» пар­­тиясы Шиелі аудандық фи­лиалының төрағасы Болат Сыз­дық «алдымен жауапкер­шілікті баланың ата-анасы сезінуі керек» деген пікірін жеткізді. Жастар арасындағы жанжалдар мен қыл­мыстардың алдын алу жұмыстары жалғаса беретін болады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ