Баға – басты назарда
Баға – басты назарда
505
оқылды
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрт аудандық бөлімінде арнайы құрылған жұмыс топтары әлеуметтік маңызы бар объектілерде тауар­лардың бар болуына және олардың бағаларына мони­торинг жасауда. Топ сауда орталықтары, базар, дүкен, дәріхана, жанармай құю бе­кеттеріне зерделеу жұмыстарын жүр­­гізіп жатыр. Мониторинг бары­сын­да Еңбекші ауданында ор­наласқан сауда орнында күнде­лікті тұтынатын азық-түлік өнімде­рінің бағасына мониторинг жүр­гізіл­ді. Азық-түлік дүкендерінде тауар­­лардың сатылымдағы баға­ларына сәйкес айырмашылық­тарына мән беріп, жіті бақыланды. Ал Абай аудандық Партиялық ба­қылау комиссиясының мүшелері бірнеше дәріханада болып, дәрілік зат­тардың бағасын зерделеу жұ­мыс­тарын жалғастырды. Мони­торинг топтары жанар-жағармай бекет­терінде де болды. Алдағы уақытта қала аума­ғын­дағы жұмысшы топтар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алатын болады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ