Жобе «Жеңісте» ойнайды
Жобе «Жеңісте» ойнайды
665
оқылды
Гамбиялық шабуылшы Па Омар Жобе астаналық «Жеңіс» футбол клубына ауысты. Бұған дейін 24 жастағы фут­болшы Беларусьтың «Неман» (Гродно) клубында доп тепкен еді. Айта кету керек, Па Омар Джобенің клубтық мансабында Солтүстік Македониядан келген «Струга» және «Шкендия», «Шейх Джамал» (Бангладеш), «АСЕК Ниамбур» (Сенегал), гамбиялық «Реал де Банжул» және «Толлиндин Юнайтед» сияқ­ты клубтарында өнер көрсет­кен. 2017 жылы Гамбия ұлттық құрамасының сапында екі матч өткізді.