Комиссия отырысы өтті
Комиссия отырысы өтті
442
оқылды
Павлодарда партия жанындағы Жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Михаил Желнов төрағалық етті. Отырыс күн тәртібіне: жайы­лымдарды ұтымды пай­далану және 2024-2025 жылдарға ар­нал­ған Жетекші, Кенжекөл ауылдық округтері, Ленин кенті және Мойылды, Павлодар ауылдары­ның жайылымдарын басқару жөніндегі жоспарларды бекіту мәселесі қойылды. Сон­дай-ақ «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін мем­лекет мұқтажы үшін жер учас­келерін иеліктен шығару және қалалық комиссиялардың дербес құрамда­рын өзгерту мә­селелері қаралды. «AMANAT» партиясы депутаттық фракция­сының мүшелері жиында Пав­лодар қаласы әкімдігінің бөлім басшыларына қойған сұ­рақтарға тұшымды жауап алды. Енді осы сұрақтар Павлодар қа­лалық мәс­лихатының кезекті сес­сиясының қарауына енгізіледі.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ