Агенттік Екібастұздағы «Богатырь көмір» басшыларының қылмысын әшкереледі
Агенттік Екібастұздағы «Богатырь көмір» басшыларының қылмысын әшкереледі
Фото: inbusiness.kz
778
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Aikyn.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Автобаза директоры серіктестікте басшылық қызмет атқаратын басқа лауазым иелерімен жүйелі түрде тауарлық материалды ұрлап, 45,5 миллион теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді. Қылмыстық схема бойынша көлік құралдарының қосалқы бөлшектері есептен шығарылып, жаңасын алу және оларды орнатуды имитациялап, құжаттарға қол қойылған. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан, арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған. Күдіктілер жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған. Ұсталғандардан ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді. Сот олар кінәсін толық мойындағандықтан, «үйқамаққа» алды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.