Павлодар облысы әкімдігінде басқарма басшылары ауысты
Павлодар облысы әкімдігінде басқарма басшылары ауысты
550
оқылды
Павлодар облысы әкімдігінде 3 басқармаға жаңа басшылар тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Павлодар облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Бақытжан Әлімғазинов тағайындалды. [caption id="attachment_248921" align="alignnone" width="1202"]Павлодар Фото: Валерий Бугаев[/caption] Бақытжан Темірбекұлы 1985 жылы туған. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «сәулет» және «құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген. 2019 жылы «құрылыс» мамандығымен магистр дәрежесін алды. 2009-2012 жылдары Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулетшісі болып жұмыс істеді. 2012 жылы   ASTIMEX  ЖШС жобалау бөлімінің бастығы, 2012-2016 жылдары  UNI. Story Proekt  ЖШС директоры қызметін атқарды. 2016-2020 жылдары Павлодар қаласы  Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімдерін басқарды. 2020 жылдан 2021 жылға дейін Павлодар облысы  Құрылыс басқармасының басшысы болды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін –   Engineering center LTD  ЖШС жобаларды бастау бөлімінің басшысы.   Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Марат Ақтаев тағайындалды. [caption id="attachment_248922" align="alignnone" width="1201"]павлодар Фото: Валерий Бугаев[/caption] Марат Қамзаұлы 1974 жылы туған. 2006 жылы Инновациялық еуразия университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы ИнЕУ магистратурасын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1998 жылы Май ауданының «Ақтай» ШҚ бухгалтері болып бастаған. 2006 жылдан 2013 жылға дейін «Цесна банк» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары – Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін басшысы. 2015 жылы Шарбақты ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2015-2019 жылдары Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болды. 2019-2021 жылдары Павлодар облысы Май ауданының әкімі қызметін атқарды.   Айдар Увалиев ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды. [caption id="attachment_248923" align="alignnone" width="1201"]павлодар Фото: Валерий Бугаев[/caption] Айдар Науқатұлы 1968 жылы туған. 1992 жылы Алматы зооветеринария институтын «ветеринария» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Бурабай совхозының ветеринар дәрігері болып бастаған. 1994-1997 жылдары – Павлодар облысы Горький атындағы Қарабидай кеңшарларының бас ветеринар дәрігері. 2001 жылдан 2013 жылға дейін Шарбақты ауданы  аумақтық инспекциясының ветеринариялық қадағалау бөлімінің жетекші, кейін бастығы, Шарбақты ауданының ветеринария бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары Павлодар ауданының ветеринария бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» РММ Павлодар филиалының басшысы.