Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды
Фото: Sputnik.kz
722
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жаңа тағайындаулар болды.  Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттің өкімдерімен: Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды; Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.