Атырауда алғаш рет екі қатарлы туристік автобус пайда болды
Атырауда алғаш рет екі қатарлы туристік автобус пайда болды
822
оқылды
Енді қала тұрғындары мен қонақтары туристік автобуспен Атырау қаласының ең көрікті жерлерін аралап, саяхат жасай алады. 60  орындық қоғамдық көлік арнайы белгіленген кесте бойынша, яғни сағат 20.00-ден  бастап түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс істейді.
"Исатай-Махамбет" алаңынан бастау алатын бағыт Сәтпаев, Әбілхайыр хан даңғылымен әуежайға дейін барады. Қайтар жолда Әбілхайыр хан даңғылынан Сәтпаев көшесіне түсіп, Драма театр –  Исатай-Махамбет алаңына дейін жүреді, деді  Akzhayik Avtopark  ЖШС-ның Эксплуатация бөлімінің басшысы Саламат Бахриденов.
атырау Айта кетейік, ашық аспан астында серуендегенді қалайтындар үшін билет құны – 500 теңге.