Қаруды ерікті түрде тапсырғандарға 345 мың теңгеге дейін төленеді
Қаруды ерікті түрде тапсырғандарға 345 мың теңгеге дейін төленеді
688
оқылды
Алматы облысында атыс қаруын ерікті түрде тапсыру акциясы басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат. 10 сәуірде заңсыз сақталып келген атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды полицияға ерікті түрде тапсыру акциясы басталды. Қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершілікке тартылмайды, керісінше  ақшалай сыйақы алады. Алматы облысының тұрғындары ол үшін тұрғылықты жері бойынша кез келген аумақтық полиция органына жүгіне алады.
«Ерікті түрде тапсырылған қару үшін төлем сомасы оның түріне, техникалық жағдайына байланысты және әр бірлік үшін 6-100 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 3 450 теңге) аралығында жасалады. Мысалы, иір ойықты автомат қаруын тапсырған азамат әрбір бірлігі үшін 100 АЕК-қа дейін ала алады. Осындай соманың тең жартысы шолақ мылтықтар мен карабиндер үшін төленуі мүмкін», делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Төлемдер мөлшерін арнайы комиссия белгілейді.