Доллар бағамы 3 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 3 теңгеге арзандады
682
оқылды
Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 15.30-дағы жағдай бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 449,86 теңгені құрады.  Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12.00-де төмендеп, 65,38 теңгені (-0,15) құрады. Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 494,92 теңге, рубль – 5,52 теңге. Ақша айырбастау орындарында доллар – 449-453 теңге, еуро – 493-499 теңге, Ресей рублі – 5,45-5,7 теңгеден сатылып жатыр.