Сәбилерді​ үйге шығару ​шарасы шоуға​ айналған
Сәбилерді​ үйге шығару ​шарасы шоуға​ айналған
1,059
оқылды
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы тұрғындарға сәбилерді​ үйге шығару ​шарасын шоуға​ айналдырмауды сұрап, мәлімдеме жасады.
"Құрметті достар! Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық перинаталдық​ орталығы ғимаратының кіреберіс алдында​ ​ сәбилерді​ үйге шығару ​шарасы шоуға​ айналды десек болады. ​ Күнде сағат 14.00-ден​ бастап жұмыс аяғына дейін ​ орталық алды тойдағыдай у-шу, қып-қызыл би, қымбат көліктер, шоу бағдарламалар, түрлі аниматорларға толып, ​ тума-туыс, дос-жаран кішігірім той жасайды. Қанша ескертсек ​ те қарапайым халық та, аниматорлар да түсінер емес, той-думан күнде жалғасуда. ​ Тұрғындар жаңа босанған ана мен өмір есігін ашқанына бір жеті де толмаған сәбиге ерекше күтім мен тыныштық керек екенін біле тұра, баян, домбыра, әншілерді, аниматорларды жалдап, дрон ұшырып, өлең айтып, концерт ұйымдастыруды үйреншікті әдетке айналдырып отыр. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
Аса құрметті жерлестер!​ Ең алдымен, біздің орталық – медициналық мекеме. ​Мұнда тек қуаныш қана емес, басқа да ​ жағдайлар болып жатады. Бір аналар сәбиін құшағына алып қуанып жатса, кейбірі​ жансақтау бөлімінде өмір үшін күресуде. Әсіресе, өте аз​ 500,0 -700,0 грамм салмақпен дүние есігін ашып, 2-3 ай бойына арнайы құрылғыларда ​ оңалтудан өтіп жатқан сәбилерге аса қажетті​ тыныштық​ жағдайдың ​ бұзылуы. ​ Музыканың ​ үні дауыс күшейткіші арқылы қатты шығады​ және ол барлық бөлімдерге анық естіледі. ​Шулы жағдай медицина ​ қызметкерлерінің​ жұмыстарына да ​ кедергі келтіруде. Орталық ғимараты ​ типтік ​ жобамен салынған, сәбилерді ​ шығаруға бөлек​, басқа орын қарастыру мүмкіндігі жоқ.
Сіздерден өтінішіміз: ​ ​​ нәрестені үйге шығару –  үлкен қуаныш! ​ Мүмкін, заман талабы да шығар.  Дегенмен әр нәрсенің орны, шегі болуы керек.​ ​ ​ Перзентхананың​ алдында той-думан ұйымдастырмай, шығаруға 2-3 жақын адамдары келіп, жылдың төрт мезгілінде болатын​ ыстық​ пен суықтың,​ желдің ​ жайсыз ​ әсерінен ана мен баланы сақтап, ​ аман-есен мекеніне жеткізіп, қуанышты өз шаңырағыңызда​ тойласаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.
Біздің өтінішімізге түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз! Рақмет!",–  деп жазылған мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасында.