16-17 сәуір аралығында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында өзен суы көтеріледі деп күтіледі.
«Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін», – делінген синоптиктер мәліметінде.
Су деңгейі көтерілуі мүмкін өзендер:
Түркістан облысында:
- Устье – Келес өзені (14 сәуір сағат 08.00-де деңгейі 294 см болды. Қауіпті деңгей – 500 см);
- Қараспан ауылы – Бадам өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 186 см, қауіпті деңгей – 431 см);
- Екпінді ауылы – Бөген өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 236 см, қауіпті деңгей – 560 см);
- Қантағы ауылы – Қарашық өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 192 см, қауіпті деңгей – 350 см);
- Боралдай ауылы – Боралдай өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 209 см, қауіпті деңгей – 380 см);
- Жарықбас ауылы – Қатты бөген өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 260 см, қауіпті деңгей – 536 см);
- Ақбет өзенінің сағасынан 3,3 км төмен – Шаян өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 118 см, қауіпті деңгей – 260 см);
- Арыс теміржол стансасы – Арыс өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 310 см, қауіпті деңгей – 849 см).
Алматы облысында:
- Фабричный ауылы – Ұзын Қарғалы өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 91 см, қауіпті деңгей – 240 см);
- Сарыторғай шатқалы – Шарын өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 122 см, қауіпті деңгей – 762 см);
- Талғар қаласы – Талғар өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 274 см, қауіпті деңгей – 368 см).
Жетісу облысында:
- Плодоконсервный ұмсо. – Көктал өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 107 см, қауіпті деңгей – 226 см).