Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр.
Tengrinews.kz-тің дерегінше, сот отырысы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысады.
«Бүгін сотталушы ауа райына байланысты сот отырысына онлайн, кейін офлайн режимде қатысады», – деді судья Бағлан Ыдырысов.
Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр қамауға алынды.
Бұған дейін сот отырысын бірнеше рет кейінге шегертіп, шетелге қашып кеткен генерал-майор туралы жазған болатынбыз.