Таңертең Жаңаөзенде екі қабатты үйде жарылыс болды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мамандар құтқару жұмысын үздіксіз жүргізіп жатыр.
Сағат 11.45-те үйінді астынан әйелдің мәйіті шығарылды.
Қазіргі кезге дейін үйінді астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның мәйітін алып шықты.
6 адам ауруханаға жатқызылды.
Апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.