Алматыдағы Ұйғыр музы­калық комедия театрында Шөмішбай Сариевтің ұйғыр тіліне аударылған «Дуняни ашик көздә қаратсам...» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Сариевтің кітабы ұйғыр тілінде
1,304
оқылды

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкіл­дері, қазақ эстрадасының жұл­дыз­дары қатысты.

«Аға өмірден өтсе де, қалдыр­ған мұрасы еліміздің әдебиетінде, ән өнерінде, халық жадында мәң­гі сақталады. Аға жайлы ай­ты­лар сөз көп. Кеңес Дүйсекеев­пен жазған «Қарағым-ай» әні елімізді әлемге танытып, барша халық қосылып шырқайтын әнге айналды. Артына қалдырған мұрасын насихаттау – барша­мызға парыз. Ұйғыр театрының бастамасына алғысымызды білдіреміз. Мен өзім Шөмішбай Са­риевтің батасын алған бала­ның бірімін. Студенттік шағы­мыз­да өнерімізге сәттілік тілеп, өзінің ақ тілегін арнаған еді. Жа­на­шырлығы баршамызға өне­ге болды», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұр­ғиса Дәуешов.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ақын Шөмішбай Сариев ХХ және ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясын жоғары көтер­ген тұлғалардың бірі екенін айт­ты. «Болмысы бөлек болатын. Ақынның қаламынан туған өлең­­дері халық жадында мәңгі сақталады», – деді Роза Рым­баева.

Айта кетейік, театрдағы та­ныс­тырылым аясында Шөміш­бай Нағашыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арнал­ған кітап көрмесі ұйымдас­тырыл­ды.

К.ҚАРҚЫН