Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көпдеңгейлі Asar Baspana қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.
Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 миллиард теңгеден астам қаржы салған.
Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қала прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, жылдам және кепілдендірілген табыс табу уәделеріне сенбеуге шақырады.