Porsche бірнеше қозғалтқыштар мен жаңартылған интерьермен үшінші буындағы 2024 жылдың Porsche Cayenne-нін таныстырды. Ең басты жаңалық – Cayenne S-ке V8 қозғалтқышы қайта орнатылады.
Егер 2023 жылғы модель 2,9 литрлік қос турбокомпрессорлы V6 қозғалтқышымен жабдықталған болса, енді жаңа көлікке 4 литрлік қос турбокомпрессорлы V8 формасындағы 468 ат күші бар қозғалтқыш қойылады. SlashGear платформасының хабарламасына сілтеме жасай отырып Aikyn.kz жаңа моделдің басқа да жаңашылдығын жеткізеді.
Фото SlashGear сайтынан алынды
SlashGear платформасының хабарламасына сәйкес, жаңартылған Cayenne S сағатына 169 миль (272 шақырым) және жылдамдығын 4,4 секундта 0-100 км/сағатқа дейін жеткізе алады. Бұл Cayenne S моделінің Porsche 718 Cayman S-пен жылдамдық үдету мүмкіндігі бірдей екенін көрсетеді.
2024 жылдың Cayenne-і базалық жиынтығы 348 ат күшті 3,0 литрлік турбокомпрессорлы V6 қозғалтқышымен жабдықталады. Ал электрлендірілген Cayenne E-Hybrid нұсқасында да көптеген жаңарту бар. Бұл модель де негізгі үлгідегідей V6 қозғалтқышымен және жалпы өнімділігі 463 ат күші болатын қосымша электр қозғалтқышымен шығарылады.
Porsche компаниясы Cayenne Turbo GT-дің қуатын көбейткен, ол 650 ат күшіне дейін ұлғайтылып, 3,1 секундта 100 км/сағатқа дейін жылдамдығын үдете алады. Сонымен қатар Turbo GT-дің шекті жылдамдығы 304 км/сағ, бұл 911 Carrera GTS-тен төрт мильге ғана аз.
Фото SlashGear сайтынан алынды
2024 жылғы модельдердің интерьерлері де айтарлықтай өзгертілген. Салонда жүргізуші үшін 12,6 дюймдік көрсеткіштер экраны қойылған. Ақпараттық ойын-сауық жүйесі Porsche Communication Management бағдарламалық құралымен жұмыс істейтін 12,3 дюймдік дисплей арқылы басқарылады. Сонымен қатар жолаушы үшін қосымша 10,9 дюймдік дисплей ұсынылады.
Технология тұрғысынан Porsche қосымша адаптивті круиздік бақылауға жаңа екі функция қосты.
Біріншісі, қарсы келе жатқан көлікті анықтайды, солға бұрылғанда автоматты түрде жылдамдықты 10 км/сағ дейін төмендететін бұрылыс көмекшісі бар. Екіншіден, «жалтаруға көмектесу» деп аталатын функция жүргізушіге күтпеген жол кедергілерін болдырмауға көмектесетін рульді басқару және тежеу мүмкіндіктері қосылған.
Фото SlashGear сайтынан алынды
Porsche сонымен қатар Cayenne базалық моделінің стандартты мүмкіндіктер тізімін жаңартты. Мысалы, сымсыз зарядтау құрылғылары, жаңадан жасалған жарық диодты шамдар, кілтсіз кіру, Porsche Active Suspension Management және 20 дюймдік дөңгелектер орнатылды.
Базалық Cayenne 79 200 доллардан, ал Coupe нұсқасы 84 300 доллардан басталады деп күтілуде. E-Hybrid 91 700 доллардан, ал оның купесі 95 700 доллардан басталады.
Ал Cayenne Turbo GT 196 300 доллардан басталады. Көрсетілген бағалар 1 650 доллар болатын жеткізу шығынын қамтымайды. Жаңа модельдер осы жазда сатылымға қойылады.