Илон Маск ең ақылды ЖИ жасауға асығып жатыр

Twitter-дің қожайыны Илон Маск әлемдегі ең ақылды робот жасамақшы. Миллиардер бұл жасанды интеллект адамдардың досы болатынын мәлімдеуде.

Twitter-ді қайта құру жоспарына көңілі толмаған Илон Маск бұрынғы одақтасы OpenAI-ге қарсы тұруға бел байлаған сыңайлы. Ол OpenAI-мен бәсекелесе алатын ЖИ компаниясын құруға қажетті қаражат пен мамандар жинауды бастады.

Жұмыс кестесі өте тығыз миллиардер мақсатына тез жету үшін бірнеше компанияларының ресурстарын пайдалануы мүмкін. Маск қандай ресурстарды жобаға тартатынын Aikyn.kz технологиялық techcrunch.com сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: CFOTO

Машиналар этикалық нормаларды сақтауы тиіс, олар адамға зиян тигізетін іс-әрекеттерден алыс болуы керек деген Масктің көзқарасына жаңа ЖИ жасау қаншалықты сәйкес келетіні белгісіз.

Маск бұл жұмысқа DeepMind компаниясының бұрынғы қызметкері Игорь Бабушкинді және бірнеше басқа инженерлерді жалдап, жаңа жобасын қаржыландыруға үлкен инвесторларымен келіссөздер бастағанын Financial Times хабарлады.

Бірақ Маск Twitter-ді іске қосу сияқты заманауи ЖИ компаниясын құру оңай еместігін түсінеді. Миллиардер ChatGPT-дің бүгінгі танымалдығы OpenAI компаниясының көптеген жылдар бойғы сынақтары мен сәтсіздіктерінен құралған ұзақ ізденіс нәтижесі екенін жақсы біледі. Жасанды интеллект жасаушы талантты инженерлердің OpenAI сияқты бірнеше мекемелерде шоғырлануы да (Қытайды есепке алмағанда) Маск үшін айтарлықтай кедергі болады деп ойлаймыз.

Фото Reuters агенттігінен алынды. Авторы: Joe Skipper

Маск бұл компанияны қаржыландыруға қаржы тапқанның өзінде, оның Twitter-дегі авторитарлық басқару тәсілі ЖИ саласындағы көшбасшы мамандарды жұмысқа тартуда қиындық туғызуы ықтимал. Сарапшылар Маск құратын жаңа компания GPT-дің баламасын жасағанның өзінде бұл уақытта басқа командалар алысқа озып кетуін де есепке алған жөн.

Жаңа ЖИ компаниясының құнды ұсынысы әлі айтылған жоқ, бірақ ол Twitter-дің және Tesla-ның есептеуіш ресурстарын қолданып үлкен серпіліс жасауы да мүмкін деген болжамдар естілуде.

Адамзатқа мейірімді ЖИ жасауға деген миллиардтаған қаржысы бар Масктың бастамасы сәтті болған жағдайда бұл жасанды интеллект саласының идеологиясын, нарықтағы табыс табу мен адамға пайда келтіру теңгерімін өзгертетін қадам болады деп санаймыз.