Тағдырдың маңдайына жазған ісін қара нардай кө­теріп, еменнің иір бұтағындай мықтылық танытатын қайра­ты кемел, қажыры мол адам­дарды көргенде қайран қа­лып, таңдай қағатының рас.
Еліміз кедергісіз аймаққа айналуы тиіс
1,071
оқылды

Олар күн сайын түрлі кедергі­лерге тап болады. Сол үшін де еліміз кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. 

Бүгінде Ақмола облысында 29 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрып жатыр. Жасыратыны жоқ, мүгедек жандардың меди­цина қызметі мен қажетті гигие­налық заттардың сапасына на­разылығы басылар емес. 

Ақмола облысында қиын жағ­дайдағы отбасылар мен мүгедек­терді медициналық қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстары пар­тия алаңында тыңдалды. Ден­саулық сақтау басқармасы мен Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­масының өкілдері осы бағыттағы кеңес мүшелерінің алдында есеп беріп, бірқатар ұсыныстарын қабылдады. 

Ақмола облыстық мәслиха­ты­ның депутаты, «Шанс» мүгедек­терді оңалту орталығының жетек­шісі Василий Шиманский мү­гедектерді гигиеналық құралдар­мен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, хирургтарды әрі қарай аяқ-қолдарды протездеу үшін білімін жетілдіру, операция­дан кейінгі адамдарды емдеу ме­кемесінен мейірбикелік бөлімше­лерге ауыстыру, онда пациенттерге операциядан кейінгі кезеңде тиісті көмек көрсету мәселелерін кө­терді. 

Василий Шиманскийдің ай­туынша, мемлекеттік портал ар­қылы сатып алынатын тауарлар­дың сапасы сын көтермейді. Көп жағдайда құны арзан, сапасы төмен арбалар, аяқкиімдер мен гигиеналық заттар келіп түседі. «Өзге мемлекеттегі тәжірибелерді өзімізге алуымыз керек. Мүгедек жандар үшін мемлекеттік пор­талмен сатып алынған бұйымдар біздің наразылығымызды туды­рады. Ол үшін министрлік дең­гейінде және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында әлеу­меттік карталарды іске қосу қа­жет», – деп наразылығын білдірді І топ мүгедектігі бар Василий Шиманский.

Жалпы, мүгедектерді гигие­налық құралдармен қамтамасыз ету халықты әлеуметтік қорғау органдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Өңірде 2022 жылы 385 млн теңге соммасына 4 398 адам ги­гиеналық құралдармен қамтылған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқ­санында 102 млн теңге соммасына 1 001 адам міндетті гигиеналық құ­ралдармен қамтамасыз етілген. Биылғы 1 шілдеден бастап, жер­гілікті бюджет есебінен мүгедек­терге берілетін гигиеналық жөр­гек­тердің стандартын екі есе арт­тыру жоспарлануда.

Мүгедек балаларды үйде оқыту үшін 329 мүгедек балаға 8,8 млн теңге өтемақы тағайындалды, 214 балаға 6,1 млн теңге төленді. Жиын­ға қатысқан мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, тиіс­ті басқарма тарапынан беріл­ген аяқкиімдердің сапасына нара­зылығын білдіріп, кейбір анализ­дерді Астана қаласына барып тап­сыруға мәжбүр екендігін жеткізді. 

Ал протезді орнатуға қатысты, облыстық денсаулық басқарма­сының өкілі өңірдегі хирургтер аяқ-қолдарды протездеу ісін жал­пы терапия бағдарламасы аясында өткеннен кейін, одан әрі білімін жұмыс орнында шыңдайтынын айтты. Бұл үшін арнайы курстар немесе бағдарламалар қарас ты­рылмаған. Кеңес мүшелері облыс­тық хирургтер қоғамдастығы ар­қылы мәселені тағы бір көтеріп, шешімін табуға уағдаласты. 

Кеңес мүшелері жиын соңын­да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Мемлекет­тің ерек­ше қажеттілігі бар адам­дарға көп­шілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті» деген сөзін екере оты­рып, бірқатар ұсыныстар қабыл­дап, тиісті органдарға жолдады.