Қайдан келесің, қыз-ау?!
Қос кемпірдің диалогы
402
оқылды

Кеше:

– Қайдан келесің, қыз-ау?!

– Қайдан болсын... 

Қаладан...

Қаладағы орыс болған 

баладан,

Шүлдір-шүлдір келіннен

Түсінбейтін жан адам.

Үністөтті бітірген

Түңілдім келін, баладан.

Алашамды қайтарды,

Тұрамыз деп жаңадан.

Құрт-майымды апарған

Тауып алдым даладан.

Ұлымның сөзі: «Но! Но!»

– да,

Келіннің сөзі: «Да! Да! Да!»

Немеремнің тілі жоқ,

Айтатыны «Ба... Ба... Ба...»

Олар – орыс, мен – қазақ

Кемпірің түсті додаға.

«Аяғым сынсын» – 

деп келем

Барсам ба енді қалаға...

 

Бүгін:

 

– Қайдан келесің, қыз-ау?!

– Қайдан болсын, қаладан...

Қаладағы қазақ болған 

баладан.

Құшағын жая қарсы алды,

Келдің бе деп жан анам.

«Жаңа қазақ» жаңарыпты

Бұрынғы ескі санадан.

Таласқа түсіп жоқ болды,

Құрт, май толы шамадан.

Мәртебемді өсірген

Айналдым келін, баладан.

«Ана тілін үйрет», – деп

Өтінді ұлым оңаша,

Қазіргі талап осындай

Боп тұр деді жаңаша.

Деп сұрады келінім:

«Бұрынғы қайда, алаша?»

Ұлттық ою, рушной

Үйде тұрса тамаша,

Менің қамқа кәмзолым

Келінге қалды жараса.

Немерем жүр әжелеп,

«Ішемін айран, көже», –

деп.

Қазақшасын оқып жүр,

Енді-енді ежелеп...

Ризамын, бүгін қалаға,

Бет бұрған ұлттық санаға...

Тілім жетпейд қайтейін,

Депутаттық қауымға,

Көңіл бөлсе шіркін-ай,

Ет, май жеген ауылға.

 Өріс ЯШҮКІРОВА