Қазақстан полициясы күдіктіні Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінің полициясының сұрауы бойынша іздестірген.
15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған қазақстандық ұсталды
23
9,128
оқылды

Жетісу облысының полицейлері 15 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады. Олар күдіктіні Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінің полициясының сұрауы бойынша іздестірген.

"Облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады. 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына мемлекетаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

Олардың айтуынша, күдіктінің тұрған жерін анықтау туралы ақпарат іздеу жариялаған тарапқа жіберілді. "Анықталған адамға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы - келу міндеттемесі таңдалды", - деп толықтырды ПД.

фото.Liter.kz