Асланбек Шымбергенов қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Әлем чемпионаты: Ташкентте Асланбек Шымбергенов жеңіске жетті
2,676
оқылды

Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске қол жеткізіп, келесі кезеңге өтті. 

Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта  37 жастағы Аарон Принспен жұдырықтасты. Жалпы есеп  – 5:0. Асланбек Шымбергенов келесі айналымға өтті.

Келесі кезеңге өткен Асланбек Шымбергенов: Шаршы алаңның сыртында: "Қарсыласым да осал емес екен. Елге алтын медальмен оралу үшін аянып қалмаймын", - деді.