Қытайда көмір шахтасында болған апаттан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, сенбі күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань провинциясындағы көмір шахтасында болған апаттан 5 адам қаза тапқан.
Апат Лопин уезіндегі «Шугэньтянь» шахтасында 22 кенші жер астында болған кезде, жергілікті уақыт бойынша сағат 21:10-да болған.
Құтқарушылар үйінді астынан бес кеншінің денесін алып шықты, тағы 17 адам құтқарылды.
Қазір апаттың мән-жайы анықталуда.