Алтай Көлгінов мерекеге орай 98 жастағы соғыс ардагерін құттықтап барды.
Алтай Көлгінов 98 жастағы соғыс ардагерін Жеңіс күнімен арнайы құттықтап барды

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагері Жақан Сейсенбаевты Жеңіс күнімен арнайы құттықтап барды.

Ол барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтап, Instagram парақшасында жазба жариялады.

98 жастағы ардагер ақсақал ел амандығын тілеп, батасын берді.

Жақан Сейсенбаев 1943 жылдың 1 қаңтарында соғысқа аттанған. Кенисбергке дейін соғысып, сол қаланы алуда ерлік көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс толық аяқталғанша әскер қатарында болған батыр ақсақал Жапон соғысы арқылы Қазақстанға 1948 жылдың сәуір айында ғана оралған.