Былтыр 18 ақпанда Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағалығынан өз еркімен бас тартқан еді.
Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу басталды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Антикордан мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.

«Ақпаратты растаймыз. Әзірге мән-жайын ашып айта алмаймыз, таңертең толық ақпарат беруге тырысамыз», – деді Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.