Астанада Сингапурдың Ішкі істер және Әділет министрі басқаратын делегациямен кездесті.
Сингапур министрі Астанадағы "Ырыскелді қажы" экомешітін көрді
949
оқылды

Астанадағы "Ырыскелді қажы" мешітінде Сингапурдың Ішкі істер және Әділет министрі Касивисванатан Шанмугам басқаратын делегациямен ұсынылған кездесу өтті.

Ырыскелді қажы мешітінің имамы Яхия Қажы Исмаилов қонақтарға мешіттің ішін аралатып, оның құрылысымен және қызметімен толық таныстырды.

Мешіт Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Оның құрылысы 2016 жылы басталып, 2018 жылы аяқталған. Ғимарат ауданы – 2248 шаршы метр. Бұл мешіт – Қазақстандағы ең бірінші экомешіт. Мешіттің энергия қуаты балама энергия көздері арқылы қамтамасыз етіліп, ол қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді.

Осы жыл Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына – 30 жыл.  Осыған орай екі елдің өкілдері достық қарым-қатынас пен жан-жақты өзара байланыстың символы ретінде бір-біріне естелікке сыйлықтар тарту етілді.

Кездесудің арқасында екі ел арасындағы ортақ мәдени мұражайы және дини толеранттықтың дамуына үлес қосып, қатынасты қалыптастыруға көмектеседі.