«AMANAT» партиясы Ал­маты облысында 44,6 мың гектар жайылым жерді мемлекет меншігіне қай­тарды.
Жайылым жер мемлекетке қайтарылды
10,632
оқылды

Алдағы уақытта «Жер ама­наты» партиялық жобасы шең­­берінде 220 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан бос алқапты қайтару көзделіп отыр. Бірінші кезекте ол жер мал жаю үшін берілмек.

Айта кету керек, былтыр өңірде жоба аясында 113 мың гектардан астам жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 57,8 мың гектар алқап меншік иелерінің өз ер­кімен қайтарылса, 41,5 мың гек­тар жер мемлекет мұқтаждығы үшін алынған. Тағы 13,3 мың гек­тар сот шешімімен мемлекет меншігіне өтті.

Асыл тұмар