"Қайыр қылсаң, бүтін қыл"
"Қайыр қылсаң, бүтін қыл"
961
оқылды
"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деген сөз әр мейірімді жанның танымына тамырлаған ұғым. Соған орай, 1 наурыз – барлық этностың бір-біріне мейірімділік танытып, Алғыс айту күніне айналды. [caption id="attachment_25493" align="alignnone" width="1024"]мереке ©"Номад" би ансамблі[/caption] Осыған байланысты «Қазақ радиолары» серіктестігінің жомарттыққа толы «Мың алғыс» қайы­рым­дылық кеші жылда өтікізіліп, ауыр дертке шал­­дыққан не қиын жағдайға тап болғандарға қол ұшын беретін дәстүрлі жобаға айналды. [caption id="attachment_25495" align="alignnone" width="1024"]марапат ©NurOtan партиясы атынан "Бармысың, бауырым?" бағдарламасына алғысхат табысталуы[/caption] Осы күнде талай адамның үзілген үмітіне дем берген болатын. Соның бірі – Айнұр Нұрланова. Оның Асылай есімді 6 жасар қызына ота жасау қажет болды. Жілік майын ауыстыру бойынша шетелде жоспарланған трансплантацияның құны да қомақты шықты. [caption id="attachment_25498" align="alignright" width="360"]Алғыс ©Айнұр Нұрланова[/caption]
Өмірде мейірімді жандар жоқ емес, бар. Оған қоса, қиналғандарға қарайласу қазақтың қанына сіңген қасиет емес пе?! Қайырымды жандардың арқасында қажетті қаражат жиналып, Асылайға операция жасалды. "Аллаға шүкір, қазір қалымыз жақсы" деген Айнұр бәріне алғыс айтып, Түркияда емделіп жатқан жерінен скайп арқылы байланысқа шықты. 
Тағы сондай бір кейіпкер үшін "Қазақ радиолары" серіктестігінің құрамына кіретін "Қазақ", "Шалқар", "Астана" және "Классик" радио арналары бір ай бойы қайырымдылық марафонын жүргізді. Одан түскен 500 мыңнан астам қаржыны мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Самат Ақбергеновке тапсырды. [caption id="attachment_25499" align="alignleft" width="352"]қайырымдылық ©Ерлі-зайыпты Самат пен Лаура[/caption]

Саматтың келіншегінің айтуынша, Қазақстанда брахотерапия отасы жасалмайды деген соң, басқа жақтарды қарастырған. "Жақын арада Новосібірге барып, дәрігермен кеңесіп келдік. Ісікті алып тастап, орнын күйдіріп, тоқтатуға болады" деген ол, операцияның 18 миллион 500 мың теңге тұратынын айтты.

– Осы дерттің салдарынан Саматтың көз көруі нашарлап кетті. Ұмытшақтық пайда болып, көп нәрсе есінде жоқ. Денсаулығы күннен күнге нашарлап барады. Тіпті кей кезде өз баласын да танымай қалады. Ал біздің үйленгенімізге 3-ақ жыл болды. Шынын айтсам, бақытты ғұмыр кешіп те үлгермедік. Расул мен күтіп отырған сәбиіміздің қызығын бірге көрсек деп армандаймын, – деді Лаура Ердалимова.  [caption id="attachment_25488" align="alignnone" width="1024"]мың алғыс ©Самат пен Лаура[/caption] Марафон барысында көмек қолын созған жандар аз болған жоқ. Мәселен, қоғам белсендісі Дәулет Төлеутайұлы  әлеуметтік желідегі  арқылы  ақша жинап, үлесін қосты.  [caption id="attachment_25504" align="alignright" width="405"]сертификат ©Дәулет Төлеутайұлы[/caption] – Әлеуметтік желідегі оқырманым көбейген сайын уақытымды босқа өткізбей, оларды жақсылыққа жұмылдырғым келді. Мына сертификатта 100 теңгеден жинаған 20 мың қазақтың үлесі бар. "Көп түкірсе көл" деген – осы.      "Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ        Сүйеу болсын, демеу болсын мың қазақ" дегендей, сенім білдірген оқырмандарыма алғысым шексіз, – деді ол.  [caption id="attachment_25509" align="alignnone" width="1024"]сәби, бала ©Бір жарым жасар Айғаным[/caption] Сөйтіп, өзінің Instagram аккаунтында айына бір рет "қайырымды жұма" акциясын жасап, бір күнде 19 388 450 теңге жинап, Самат Ақбергеновке табыстады. Ал Самат өз кезегінде радиомарафоннан түскен қаржыны бір жарым жасар Айғанымның еміне берді. Оның диагнозы –  лимфлобасты лейкоз. Бұған жілік майын ауыстыру отасы керек екен. мың алғыс Міне, осындай шараның өтуіне  қолдау білдіріп отырғандар – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, NurOtan партиясы, Qazaqstan арнасы. Бұл деген мейірімділікті, қа­йы­рымдылықты, өмірге деген құштарлықты насихат­таудың белгісі. [caption id="attachment_25511" align="alignnone" width="1024"]кеш, мың алғыс Мариям мен Наталья жүздесуі[/caption] Кештің тағы бір артықшылығы – жақындарды табыстыру. Мәселен, "Бармысың, бауырым?" бағдарламасына хабарласқан Мариям Рамазанқызы сіңлісі Натальяға іздеу салған. Шешенстанның Грозный қаласында тұратын ол 56 жыл бойы үмітін үзбеген.  [caption id="attachment_25512" align="alignleft" width="477"] width= ©Мариям Рамазанқызы[/caption] – Әу басында біз Ақмола облысы Қорғалжында тұрдық. Содан бір күні аяқасты көшіп кеттік. Бірақ әкем шешемнен бөліп алғаны жайында мүлдем тіс жармады. Тіпті қаза боларында да айтпады. Оны бұл үшін кінәламаймын. Бұлай істеуіне өз себебі болар. Бірақ Қазақстан менің туған жерім, өскен өлкем. Грозныйға 1988 жылы көшіп кеттім, – деген Мәриям анасымен жолыға алмағанына ғана өкінді. [caption id="attachment_25514" align="alignnone" width="1024"]қонақ, көрермен ©кеш қонақтары[/caption] Сіңлісі Наталияның айтуынша, анасына қызын іздеуге тыйым салып тастаған. Тіпті оны іздеп таппасын деген оймен Мариямның әкесі оның есімін, туған күнін, туған жылына дейін өзгертіп тастаған. Оған қоса, өлгені жайында анықтамалықты да көрсеткен. зал – Анам әпкемді сағынғаны соншалық, үшінші қызды Марина деп соның есімін қойды.  [caption id="attachment_25518" align="alignnone" width="1024"]отбасы ©Көпбалалы отбасы[/caption] Сонымен қатар осы кеште көпбалалы отбасының үшеуіне пәтер кілті табысталды. Біріншісі, Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Нұресіл ауылының тұрғыны Салима Хыдырхан және Қарағанды қаласының тұрғыны Сабинелла Аязбаева. [caption id="attachment_25520" align="alignnone" width="1024"]қарекет ©Көпбалалы отбасылар[/caption]  width= Екеуі де бес баланың анасы. Ал Күлімжан Нұрбаева алты бала өсіріп отыр. Ол Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылының тұрғыны. Осыларға қайырымдылық жасап, қолдау көрсеткен "Қаракет" тобы.   – Осы екі жылдан ішінде 169 отбасын қуантым, мыңға жуық балаларды бақытқа бөледі. Осындай көмек көрсетіп отырғанымыз халқымыздың ауызбіршілігінің арқасында. Өйткені, жасы келген зейнеткерлерден бастап, мектепте оқып жүрген оқушыларға дейін өз үлесін қосуда,  – дейді Қордың директоры Гүлмира Мұханқызы. [caption id="attachment_25532" align="alignnone" width="1024"]отбасы ©Пәтер кілті табысталды[/caption]