Бүгінде ауыл шаруашылығы субсидия беру мәселесі көп шар­уа­ны алаңдатады. Жаңа жүйеге ауысқалы шаруаларға қиын­­­дық ту­дырған бұл жағдай «AMANAT»-тың Партиялық бақы­лау коми­те­тінде талқыланып, оған жауапты шенеуніктерге ес­керту берілді. Сон­дай-ақ осы жиында Ақтөбе облысындағы ауыз­су жайы сөз бол­ды.
Субсидия алу мәселелерін сөз етті
725
оқылды

Расында да, елімізде субсидия беру ере­жесі тым жиі әрі негізсіз өзгереді. Шар­уалардың шымбайына бататыны да осы жайт. Енді Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасымен биыл 1 ақпанда элек­тронды форматта қызмет көрсете бас­таған Субсидиялаудың бірыңғай мем­лекеттік ақпараттық жүйесінің (СБМАЖ) жұмысы да көңіл көншітпей отыр. Жиынға қатысқан Ауыл ша­руа­шы­лығы министрі Ербол Қарашөкеев бұ­ған дейін субсидия Qoldau жеке плат­формасы арқылы беріліп келгенін, алай­да мемлекет субсидиялардың тиім­­­ділігін қадағалап, бағалай ал­май­ты­нын атап өтіп, жаңа жүйе осы кем­ші­ліктерді жою үшін қолға алынғанын ха­барлады.

«Қазірдің өзінде жаңа жүйе арқылы 164,4 млрд теңге сомасына 35 мыңнан астам өтінім берілді. Соның ішінде 38,4 млрд теңге сомасына 9 мыңнан астам өті­нім мақұлданды. Өтініш берушіге тие­сілі субсидия автоматты түрде есеп­те­леді. Сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­де­рін төмендету мақсатында элек­трон­ды шот-фактураларды бұғаттайтын жаңа тетік пайда болды. Пайдаланушы суб­сидия алуға өтінім бергеннен кейін оны кері қайтара алмайды. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭШФ-мен айла-шарғы жасау фак­ті­ле­рін анықтаған еді. Енді мұндай құйтыр­қы әрекетке жол берілмейді», – деді ми­­­­нистр.

Партиялық бақылау комитетінің тө­ра­ғасы Павел Казанцев ақпараттық жүйе тек өтінімдер базасы ғана емес, со­нымен қатар мәлімет алмасу және оны талдау, өңірлердің мамандануын ай­қындау, бюджет қаражатының тиімді пай­даланылуын бақылау ресурсы бол­уы тиіс екенін атап өтті.

«СБМАЖ іске қосылғаннан бері оның функционалдық қызметінен бір­қатар кемшілік анықталып, жағдай тіп­тен нашарлап кетті. Субсидияны ав­­­томаттандырылған жүйе арқылы ұсы­ну – барлық рәсімді барынша жеңіл­дету деген сөз. Алайда іс жүзінде бәрі керісінше болып отыр. Яғни, суб­си­дия алу процесі ұзақ уақытқа со­зы­лып, жұмыс күрделеніп кетті», – деді ко­митет төрағасы, Мәжіліс депутаты Пав­ел Казанцев.

Сонымен қатар партия мүшелері ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­ші­лерді субсидиялау аясында агроө­нер­кә­­­сіптік кешенді дамытудың мем­ле­кет­тік бағдарламасын жүзеге асыру са­пасын талқылады. Сондай-ақ ко­ми­тет отырысында жергілікті жердегі пар­­­­тиялықтар нақты ұсыныстарын айт­­ты. Мәселен, «AMANAT»-тың өңір­­лік партиялық бақылау ко­мис­сия­сы­ның төрағасы Алмас Сәлімов Түр­кі­стан облысы шаруаларының атынан бір­қатар бастама көтерсе, ШҚО фи­лиа­лындағы партиялық бақылау ко­мис­сиясының төрағасы Мұхтар Төле­ген мүлікті кепілге қою мәселесі шар­уа­лардың «Ауыл аманаты» бағдар­ла­ма­сына қатысуына мүмкіндік бермей отыр­ғанын айтты. Мәжілістегі «AMANAT» фрак­ция­сының депутаты Нұржан Әшім­бе­тов Ауыл шаруашылығы министрлігі жайы­лымдарды суару үшін берілетін суб­сидияларды тоқтатпау қажеттігі тура­лы ойын білдіріп, ветеринариялық қыз­метті цифрландыру саласындағы проб­лемаларға жеке тоқталды, барлық жаңа ақпараттық жүйені енгізуге асық­пау керек деген пікір білдірді. Жиын қо­­­рытындысында Партиялық бақылау ко­митеті Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігінің СБМАЖ-ды енгізуге және оның тиімді жұмыс істеуіне жауапты лауа­зымды тұлғаларына ескерту түрін­де партиялық жаза қолдану жөнінде қаулы етті. Ал «AMANAT» партия­сы­ның мүшелігінде жоқ қызметкерлерге ке­летін болсақ, Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Ербол Қарашөкеевке әкім­ші­лік ықпал ету шараларын қолдану ұсы­нылды.

«AMANAT» Партиялық бақылау ко­митетінде қозғалған тағы бір мәселе – Ақ­төбе облысының Ырғыз ауданын­дағы Жаныс би және Шеңбертал ауыл­­­дарындағы ауызсу. 1 500-ге жуық адам тұратын ауылда олардың барлығы құдықтың суын ішіп отыр. Ал судың са­пасы мен санитарлық жағдайы көңіл көн­шітпейді. Оның үстіне, құдықтың суы бірте-бірте тартылып кетеді. Пар­тия­лықтар анықтағандай, аталған ауыл­дарда «Көлсай Строй» ЖШС ұзын­дығы 42,3 шақырым болатын су құ­бырын салуы керек екен. Алайда құ­быр пайдалануға қабылданбаған. Се­бебі оны салу кезінде құрылыс та­лап­­т­ары бұзылған.

«Су келеді деп үміттенген көптеген тұрғын өз учаскесіне құбыр жүргізіп, қа­жетті құрал-жабдықтар сатып алған, тіп­ті сол керек-жарақ заттарды алу үшін қарызға да батты. Алайда қазір нақ­ты мердігердің болмауына және көп­теген кемшіліктің болуына бай­ла­нысты су құбырын пайдалануға беру мүм­кін емес. Шеңберталдағы су сорғы стан­сасы – осы ауылда алғаш рет са­лын­ған нысан. Жұмысына жүрдім-бар­дым қарайтын шенеуніктер тұрғызған су ­мұнарасы бүгінде сыбайлас жем­қор­лық­тың символына айналды», – деді пар­тиялық бақылау инспекторы Айжан Ысқақова.

Бұған жауап ретінде Экология ми­нистрлігі Су ресурстары комитетінің тө­рағасы Нұрлан Алдамжаров «Көлсай Стройға» қатысты сотқа талап арыз жол­данғанын хабарлады. Жиынға қа­ты­сушылар қоғамдық резонансқа қа­ра­мастан мәселені шешуге асықпаған «AMANAT»-тың Ырғыз аудандық фи­­лиалының сылбыр әрекетін де сын­ға алды. Жиын соңында комитет «AMANAT»-тың Ырғыз аудандық фи­лиа­лының атқарушы хатшысын, Ыр­ғыз аудандық партиялық бақылау ко­мис­сиясының төрағасын және Ақтөбе об­лыстық партиялық бақылау комис­сия­сының төрағасын партиялық жауап­кершілікке тартуға қаулы етті.