Ғалымдар кейбір жұлдыздардың айналасындағы планеталарда су сұйық күйінде кездесуі мүмкін екенін айтады. Егер олардың болжамдары дұрыс болса, онда бұл планеталар өмір сүруге жарамды болады. Қазір осы планеталар өте үлкен қызығушылық туғызуда.
Жүздеген миллион планетада тіршілік, су болуы мүмкін
2,049
оқылды

Америкалық ғалымдар қазір M (қызыл) ергежейлі жұлдыздың айналасында жатық орбитасы бар жүздеген миллион планеталар бар екенін болжаған. Оларда суды сұйық формада сақтауға мүмкіндік беретін жағдай бар екен.

Тіршілік үшін ыңғайлы миллиондаған планеталар туралы newatlas.com сайтында жарияланған жаңа ғылыми деректерге сілтеме жасаған Aikyn.kz түсініктеме береді.

Фото starwalk.space сайтынан алынды. Авторы: Kota Hamori

Флорида университетінің профессоры Шейла Сагир: «Менің ойымша, бұл нәтиже экзопланеталық зерттеулердің келесі онжылдығы үшін өте маңызды. Өйткені, осы жұлдыздар популяциясын зерттеуге көп көңіл бөлінуде», – дейді.

«Бұл жұлдыздардың айналасында жатық орбитасы бар планеталарда су сұйық күйінде кездесуі мүмкін, сондықтан өмір сүруге жарамды болатын шағын планеталар тамаша зерттеу нысанасы болуда».

Күн жүйесінен тыс орналасқан экзопланетаның тіршілікті қамтамасыз ету қабілеті туралы көптеген болжамдар бұған дейін де жасалған. Кейбір ғалымдар тіршілік етуге қолайлы 300 миллионға дейін планета болуы мүмкін екенін болжауда. Жерге ұқсаған планеталардың саны біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін деген гипотеза айтуда. 

Фото prokocmoc.ru сайтынан алынды

Жаңа зерттеулер кезінде профессор Шейла Сагир мен зерттеуші Сара Баллард NASA-ның «Кеплер» ғарыштық телескопы мен Eуропалық ғарыш агенттігінің «Гайя» телескоптарының 2009-2019 жылдар аралығында алынған деректерін пайдалана отырып, 163 М-ергежейлі экзопланеталардың орбиталық эксцентриситеттерін талдаған.

«Кеплер» жасаған кескіндерді пайдалана отырып, олар орбиталарды өлшеп, планеталардың өз жұлдызының бетін айналып өтуге қанша уақыт кететінін есептеген. «Гайя» телескопының жаңа деректері галактикадағы миллиардтаған жұлдыздарға дейінгі қашықтықты өлшеуге мүмкіндік берген.

«Қашықтық – бұл бізде бұрын жетіспейтін негізгі ақпарат болған. Енді бұл деректер арқылы сапалы талдаулар жасай аламыз», – дейді профессор Сагир.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Stocktrek Images

Орбитаның эксцентриситеттері планетаның жұлдызды айналып жүретін траекториясының формасымен байланысты. Орбиталардың көпшілігі дөңгелек емес, соның ішінде Жердің де өз жұлдызы Күнді айналуы эллипс тәрізді. Бірақ біздің планета Күннен үлкен қашықтықта орналасқандықтан оның траекториясының пішіні Жердегі ауа райына қатты әсер етпейді.

Егер планета өз жұлдызына жақын орбитада орналасса, онда эксцентрлік жол гравитациялық күштердің күрт өзгеруіне әкеліп соғады, нәтижесінде бетті қыздыратын үйкеліс пайда болады – оны толқынның жылыну құбылысы деп атайды. Осылайша, бұл құбылыстар арқылы біз білетін планеталарда өмір сүруге жарамды орта бар деп болжай аламыз.

«Кеплер» анықтаған 2600 планетаның үштен бірінің орбиталары оларды өмір сүруге жарамды аймақта тұрғанын көрсетті. Бұл оларды тіршілік формалары болуы мүмкін деген ғалымдардың жорамалын дәлелдеуге жол ашады.

«Шағын үлгідегі планеталардың үштен бірінің орбиталары сұйық су болуы мүмкін болатындай жатық формада болғандықтан, бұл Құс жолы галактикасында біздің Күн жүйесінен де тыс өмір белгілерін зерттеуге жүздеген миллион перспективалы планеталар бар дегенді білдіреді», – делінген зерттеушілердің мақаласында.