Азаматтар ХҚКО-ға бармас бұрын ескергені жөн.
Бүгіннен бастап ХҚКО бірнеше қызметті уақытша тоқтатады
2,189
оқылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсетуді тоқтатады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ішкі істер министрлігі жағындағы техникалық жұмысқа байланысты 9 және 10 маусымда еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталығында мынадай қызметтерге өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатады:

• Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету;

• Жұмыс істеуге келген иммигрантқа рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу;

• Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;

• Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеу.