Робот-музыкант концерт береді
Робот-музыкант концерт береді
© 24.kz
258
оқылды
Өзінің жеке альбомы бар робот арнайы музыкалық аспапта ойнап, ән салады, - деп жазады 24.kz  International Business Times-қа сілтеме жасап. Робот-музыкант Джорджия технологиялық институтында 2017 жылы жасалған. Содан бері ол ксилофонға ұқсас маримби аспабында ойнап, өз музыкасын жазып үйренген. Өзінің алғашқы Into Your Mind синглін де шығарды. Shimon есімді роботтың 10 тректен тұратын жеке музыкалық альбомы да бар. Енді Shimon музыканттар тобымен бірге алғашқы гастрольдік сапарына шықпақ. Робот қай қалалар мен елдерде өнер көрсететіні әзірге белгісіз. https://www.youtube.com/watch?v=sHl-Cg2KDbg&feature=emb_logo