Республиканың бірнеше облысында ауа райынына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
3 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы – 85-90 пайыз.
Көкшетауда түнде және таңертең тұман сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
3 наурыздаТүркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.
Түркістан қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болады. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.