Бүгін, 15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен жолдарды жөндеудегі мемлекеттік сатып алу шартындағы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-на қамауға алынды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.