Құрылтай ол Президент жанындағы кеңесші орган болған соң мұнда қоғамның қазанында қайнап тұрған ең өзекті мәселелердің шешімі анықталуы тиіс. Мәселені көтеру ол жұмыстың бір жағы ғана. Сол жұмыстың шешу тетіктері үшін де азаматтар жиналу керек. Оп-оңай шешілетін нәрсені қиындатпауымыз немесе қиын шешілетін дүниені кезең-кезеңге бөліп қарастыруға тиіспіз. Бізде әдетте мәселені бір-бірімізге ғана айтып, мұңымызды шағып ғана тарқасамыз. Енді мұның шешімін жасайтын уақыт жетті. Құрылтайға өз саласында тәжірбиесі мол азаматтар мүше болған.
Біздің ішкі мүмкіндіктеріміз өз мәселесімізді шешуге жетеді. Осы мәселеде қоғамға түсінікті тілмен әсіресе жауапкершілік бәріміздің мойнымызда деген ұғымды сіңдіре білуіміз керек. Ол үшін жастарымызды тәрбиелеуге тиіспіз. Одан соң ұлттық білім және ғылым секциясы өтіп жатыр. Бұрын бірінші орында экономика, одан соң идеология немесе керісінше идеология, одан соң экономика деп талас тудырып жататынбыз. Шын мәнінде екеуі қатар, тең жүруі тиіс. Бірінен бірін кейін қалдыра тұру деген болмайды. Халықтың сұранысын ескеруміз керек. Бұрынғыдай жалпақшешейлік, әйтеуір біреуге ұнау деген мәселе болмайды.