Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Григорий Пащенконың айтуынша, жеке деректердің ең көп тараған көздері интернет-дүкендер мен азық-түлік жеткізу қызметтері.
Пащенко ақпарат таралып кетпеу үшін мұндай қызметтермен байланысқанда жалған есім пайдалануды ұсынады.
"Мысалы, сіз тамаққа тапсырыс бергенде өзіңізді Иван Иванович Иванов деп таныстырасыз ба? Мәселен, деректер базасы таралып кетті делік, сіздің нақты телефон нөміріңіз сонда тұр. Сіз Иван Иванович Иванов болып тіркелгенсіз. Сәйкесінше, олар сізге қоңырау шалады. “Сіз Иван Иванович Ивановсыз ба?” деген сөздерінен-ақ, оның алаяқ екенін бірден түсінуге болады", – деді Григорий Пащенко Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Пащенко сонымен қатар екінші SIM карта алуға кеңес береді, оның көмегімен интернет дүкендерге курьерлік тапсырыс беруге болады.
Өзін жәбірленушінің туысымын деп таныстырған алаяқты, бөтен нөмірдің қоңырау шалуы арқылы түсінуге болады. Мұндай алаяқтықты ашудың екі жолы бар деп қосты ол.
"Телефон тұтқасын қойып, нөмірді іздеу жүйесіне енгіземіз. Содан кейін шыққан нәтижелерді қарап көресіз. Әңгімелесушіден видео қоңырау шалуды да сұрауға болады. Бірақ адам өзінің қандай күйде екенін айтып, видео қоңырау жасай алмаса, оған сенудің қажеті жоқ", – деді ол.
Сондай-ақ кодтық сөз арқылы алаяқты әшкерелеуге болады деп жалғастырды Григорий Пащенко.
"Ең оңай жолы жақын адамдарыңызбен қиын жағдайда осы кодтық сөзді айтамыз деп келісіп алу керек және есте сақтау үшін оңай сөзді таңдағаныңыз дұрыс. Код сөзін сұрағанда, олар сізге есімде жоқ, ұмытып қалдым десе, бұлай болуы мүмкін емес екенін білесіз", – деп түсіндірді Григорий Пащенко.