Ұңғылау жұмыстары 500 метр тереңдікте жүргізілген. Нәтижесінде, теңіздің құрғап кеткен бөлігінен жерасты суы шыққан. Ол алқапты суғаруға жарамды болып шықты.
Гидрогеолог ғалым Дулат Қалитовтың айтуынша, бұл жоба әсіресе, Аралдың оңтүстік жағының экологиясын қалпына келтіруге тиімді. Атап айтқанда, сексеуіл алқабын көбейтіп, көгалдандыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ ол жерден аң-жануардың бәрі су іше алады. Құмның арасында пайда болатын оазис аймақтың климатына оң әсер етеді. Сөйтіп, экожүйені реттейді.
500 метр тереңдікте бұрғыланған ұңғымадан секундына 8 литрден жерасты суы өздігінен шығатындай су табылды. Судың минералдығы, былайша айтқанда тұздылығы 3,5 грамм бір литр мөлшерінде. Нәтижесінде, соларды қолдану арқылы Аралдың құрғап қалған құм болып, жаңағы жан-жаққа ұшып жатқан құмдарында ашық жатқан жерде өсімдіктер өсіруге болады, – деді ол телеарнаға.
Бұл – ауылшаруашылық мақсатында экожүйені қалпына келтіруге арналған алғашқы жоба. Іске асып жатса, нәтиже болады. Туризмнің дамуына үлес қосады.