Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілті табысталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Президент мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.
Мемлекет басшысының атынан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілтін табыстадым.
Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар. Пәтерлер «Дара» Президент бастамаларының қоры атынан берілді. Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер!», – деп жазды Руслан Желдібай.