Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты.
«Небәрі 20-23 жаста...» – Ақтөбеде төрт адам қаза тапты
5,306
оқылды

Оқиға 6 шілде күні Шалқар ауданының аумағында, Самара-Шымкент тасжолының 1235-шақырымында болды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Hyundai Sonata автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан.

 

Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.