Соңғы жылдары елімізде киіктер шамадан тыс көбейіп, диқандарды шарасыз күйге түсіріп жатқаны рас.
Шаруалар шарасыз
669
оқылды

Мың­да­ған киіктің шабуылы сал­дарынан енді көктеп шық­қан егіні тұтастай тап­талып кеткен ша­руа­лар зар илеп отыр. Алайда атал­ған мәселе жөнінде Үкімет пен Парламентте, облыс әкімдіктерінде талай жиын өткізілгенімен, нәтижесі болмаған.

Экология және та­биғи ресурстар министр­лігіне қарасты Жануарлар дү­ние­сі және аңшылық шаруа­шылық басқар­масының мәліметінше, ел аумағында киіктердің саны 2 мил­лионға жуық­тап қалған. Қазіргі уа­қытта елімізде киіктер­дің еті мен терісін ғы­лыми мақсатта бол­маса, басқа да мақ­саттар үшін қолдануға 2024 жылға дейін тыйым да салынған.
Экология және та­­биғи ресурстар ми­­нистрінің бұй­ры­ғы­мен жануарлар дү­­ние­сін қорғау, сақ­­тау және көбейту жөніндегі өкі­летті орган ведомс­твосы қызмет­кер­лері жергілікті атқарушы органдар және «Охот­зоопром» РМК ма­ман­дан­ды­рылған ұйымдар егістік ал­қаптарын киік­тердің таптап кетуіне жол бер­меу үшін көмек көрсету және ес­керту мақсатында ар­найы штаб та құ­рылған еді. Ведомство киіктен «көресіні көрген» аймақтағы фер­мерлерге көмек беру мақсатында «Охотзоопром» инс­пекторлары мен орман шаруашы­лығы мамандарынан қосымша арнайы экипаждар жол­дауға мәжбүр болғандарын айтады. Дегенмен аймақтардағы жағдайдың ушыққаны соншалық, жергілікті шаруалар дабыл қағуда.

Ақмола облысында да мәселе биыл аса күрделі. Әсіресе, Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Егіндікөл, Цели­ноград және Астрахан аудан­дарында мыңдаған гектар егістік алқапты киіктер таптап кеткен. Облыс аумағындағы киіктердің жалпы саны 2021 жылы шамамен 40 мың басқа жуықтаса, былтыр 80 мыңнан асып жығылған. Ал биыл өңірдегі әкімдіктер жүргізген дерек­тер бойынша киіктердің жалпы саны 200 мыңнан асып кеткен.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңір­де киіктер жайлап кеткен егістік аумағы 100 мың гектардан асады. Басқарма басшылығы одан қанша­лықты шығын келтірілгенін тап басып айта алмады. Былтырғы шы­ғын көлемі 7,1 миллиард теңгедей болған. Ведомс­тво алдағы уақытта ко­мис­сиямен тексеріс жүргізіліп, шығын көлемі есептелетінін жет­кізді.

– Түйінді жағдайды шешу үшін облыс әкімдігі биыл да киіктердің санын заңнамалық деңгейде реттеу мәселесін шешуге ықпал етуді сұ­рап, министрліктер мен Үкіметке, Пар­ламентке хат жіберген еді. Бірақ күні бүгінге дейін бұл мәселе басы ашық күйінде қалып отыр. Өйткені киіктер әлі де болса мемлекеттік қорғауға алынған. Осыған байланыс­ты қолда бар мүмкіндікті пайдала­нып, егістік аймақтардағы шекараны шолу, атты және авто-мототехникалы шолу­шы­ларды қолдану, киіктердің жолына дыбыстық құрылғылар қойып үркітуден басқа амал болмай тұр. Шығынға белшесінен батса да, фермерлерге мемлекеттен көк тиын көмек берілмейді. Бұл заңмен де қарастырылмаған, – дейді Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқар­масының басшысы Кенеш Әлім­жанов.

Естеріңізге салсақ, былтыр егіс­тік алқаптарын қорғау мақсатында Атбасар ауданындағы шаруалар өз еріктерімен олардың айналасын 3 метр тереңдікте қазып тастаған бо­латын. Аталған іс жануарларды қор­ғаушылар мен фермерлер арасында үлкен дау туғызған. Атбасар ауданы­ның әкімдігі жергілікті фермерлердің бұл әрекетін киіктердің шабуылынан былтырдың өзінде шаруалардың 2,5 миллиард теңге сомасында шығынға батқандығымен түсіндірген. Әрі жер­гілікті деңгейде аталған мәселені шешу мүмкін еместігін айтқан. Аталған жағдайға қатысты құзырлы органдардың тарапынан нақты іс жүзінде еш әрекет болмауы қос та­раптың арасындағы дауды шиеле­ністіріп жіберген еді. Дегенмен күрделі мәселеде орман шаруашы­лығы және жануарлар дүниесі инспекциясы да тиісті шаралардың жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Жыл сайын көктем уақытында инспекция «Охотзоопром» РМК-мен бірлесіп киіктердің санына әуеден санақ жүргізеді. Жыл сайын киік төлдеген кезде оның саны бірнеше есеге ұлғаятынын ескерген жөн. Биыл киіктер төлдегенге дейін-ақ саны 60 мың бастан асып жы­ғылған. 10 мамырда киіктердің жап­пай төлдеуі басталды. Енді жаңа туған киік құралайын қоса алғанда өңірде шамамен 100 мыңға жуық киік бар деп шамалауға болады. Экология министрінің бұйрығымен киіктердің ауыл шаруашылығы жерлерін таптап кетуін болдырмау мақсатында жедел штаб құрылған. Мұндай штаб киік­тердің барлық популяциясы бойын­ша өңірлік дейгейде де құрылды, – дейді Ақмола облысы жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы ау­мақтық инспекциясының басшы­сы Лашынтай Дүйсенов.

Ведомствоның деректеріне сен­сек, аймақта киіктер мәселесін шешу мақсатында халықаралық сарапшылар да тартылыпты. 20-24 мамыр аралығында олар Қорғалжын қорығы мен Батыс Қазақстан облысы киіктерінің көшіп-қону аймақтарын аралаған. Сондай-ақ Астана қаласында 25-27 мамыр ара­лығында киіктердің санын реттеу мәселесі талқыланған. Экология министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетімен бірлесіп, киіктер­дің санын реттеуде ғылыми зерттеу жүргізіп, биологиялық негіздеме алу жұмысына кіріскен.

Сонымен жыл өткен сайын елдің онсыз да құлдырап бара жатқан ауыл шаруашылығы саласына елеулі кері ықпалын тигізіп жатқан киіктер мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Бұл орайда ауыл шаруашылығы және экология министрліктері бірлесіп, киік популяциясын реттеу және олардың көшіп-қонатын жерлеріне бейберекет егін салуды тоқтату мәсе­лесін жылдамырақ шеш­песе астықты аймақтарда мә­селе одан сайын ушығатыны айтпаса да түсінікті.

 Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы