Оқиға Сарыағаш ауданында болған. 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазды. Бұл туралы Aikyn.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер ауыл тұрғынының үйінен денесінде жарақаты бар қыздың денесін тапты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды.
Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында болады.