Түркістан тұрғыны кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген.
Түркістан тұрғыны 70-ке жуық балаға ақылы діни уағыз айтқан
2,612
оқылды

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс бойынша ҰҚК қызметкерлері бірлесіп,  заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыз айтқан. Оқу ақысы – 100 мың теңге. 

Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 бала діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды. 

Сондай-ақ оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстанның балалары да білім алғаны анықталды. Оған қоса,  полицейлер 100-ден астам діни кітаптарды тәркіледі. 

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Полицейлер азаматтарға заңсыз діни қызметпен айналысып, діни әдебиет таратқандар жауапқа тартылатынын ескертеді.