Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Томар ауылында жер дауы туындады. Мәселе шаруа қожалықтарының қуаңшылыққа байланысты егін екпей қалуынан болып тұр.
Шығынға батқан шаруа айыппұл арқаламақ
1,448
оқылды

Ал сол жерді емген диқандар «айыппұл төлейсіз» деген шенділердің сөзіне наразы. Томар ауылдық округіне қарасты «Томар» ауыл шаруашылығы өндірісі кооперативі және «Бахтияр» шаруа қожалығы басшылары ақиқатты іздеуде.

Қарқаралы ауданының жер қаты­нас­тары, сәулет және қала құрылысы бө­лі­мі­нің берген ақпаратында аталмыш аудан бойын­ша былтыр 33 шаруа қожалығы жал­пы көлемі 37 187 гектар жер учаскесін мем­­лекеттік қорға қайтарғаны айты­ла­-ды.

«Қазақстан Республикасының Жер ко­­дексіне және қолданыстағы жер заң­на­ма­сы негізінде, ауыл шаруашылығы өн­ді­рісін жүргізу үшін берілген ауыл ша­руа­шы­лығы мақсатындағы жерді пайдалану мо­ниторингін ұйымдастыру мен жүргізу қа­ғидасына сәйкес, аудан бойынша жал­пы көлемі 197 496 гектар (оның ішінде егіс­тік – 33 949, жайылым – 163 547) бо­ла­тын жер учаскелерін мақсатты түрде пай­даланбай отырған 54 шаруа қожалығы анық­талып, құжаттары Қарағанды облы­сы­ның жер ресурстарын басқару депар­та­ментіне жолданды», – деп толықтырады ары қарай.

Осының нәтижесінде департамент өз та­рапынан 21 шаруа қожалығына тексеріс жүр­гізіп, тексеріс барысында жер пай­да­лану­шыларға жер заңнамасының талап­та­рын бұзушылықтарды жою туралы бір жыл мерзімді көрсете отырып, нұсқа­ма­ла­рын берді және қолданыстағы заң­на­ма­ға сәйкес, пайдаланылмай жатқан жер­лерге базалық салық мөлшерді 20 есе­ге ұлғайтқан. 

Сонымен қатар былтыр «Ғарыш Са­па­рының» JerinSpektr платформасы ар­қы­лы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаудың немесе ұтымсыз пайдаланудың уақытылы жолын кесу және алдын алу, бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүк­­­темені азайту мақсатында 23 шаруа қо­жалығына (60 827,5 гектар) бақылау су­бъектісі ретінде бармай, профилак­тика­лық бақылау жасалып, жерлерін игеру бойынша осы жылдың 1 қарашасына дейін нұсқаулар берілген. 

«Осы мерзімге дейін игермеген жағ­дай­да бұл шаруашылықтарға қатысты тек­серу шаралары тағайындалып, заң­на­маға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын бо­лады», – деген екен ауданның жер қа­ты­настары, сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Осыған байланысты Томар ауылдық округіне қарасты «Томар» ауыл шаруа­шы­лы­ғы өндірісі кооперативінде барлығы 47 202,082 гектар жері бар, оның ішінде жайы­лымы – 39 735,482 гектар, егістігі – 885 гектар, «Бахтияр» шаруа барлығы 2 255,1979 гектар жері бар, оның ішінде жайы­­лымы – 1 908,1 979 гектар, егіс­ті­гі – 341 гектар.

Осы аталған «Томар» АӨК және «Бах­тияр» ШҚ жалға алған егістік жерлерін кейінгі 5 жылда игермей отыр. Сол себепті олар­ға қатысты заңнамаға сәйкес мем­ле­ке­ттік бақылау шаралары жүргізілген.

Дау осы жерден туындайды. Томар ауы­лының тұрғындары «Томар» ауыл шаруа­шылығы өндірісі кооперативі бас­шы­сы Қапан Мұқтаров пен Нұрлан Мақ­суре жерді мемлекет алғанымен, әлі күнге дейін игерілмегенін, сонымен қатар жер­лері қуаншылықтың зардабын шегіп жат­қанын айтты.

– Құрғақшылық кесірінен жерімізге егін сала алмай отырғанымызға төрт-бес жыл болды. Қапан ағамыздың жасы 85-те. «Томар» кооперативін басқарып отыр. Егіс­тік жер – менде 341 гектар, Қапан аға­мыздың шаруашылығында – 800 гек­тар, – дейді «Бахтияр» шаруа қожа­лы­ғы­ның құрылтайшысы Нұрлан Орын­ғазы­ұлы.

Қапан ақсақал Томар ауылын 40 жыл бас­қарған. Банкрот болып тұрған «Прог­рессті» миллионер совхоздардың қата­ры­на қосқан. Еңбегі еленіп, «Құрмет белгісі» ор­дені, басқа да ордень-медаль иегері атан­ған. 

– Бұрын жақсы өнім алушы едік. Егін сал­дық, мемлекетке өткізіп тұрдық. Со­ның арқасында шаруашылыққа керекті техника алып, паркті жаңарттық. Құры­лыс та салынды. Мұның бәрі астықтың ар­­қасы еді. Міне, соңғы жылдары құр­ғақ­шы­лық салдарынан қиыншылыққа ұрын­дық, – деп мұңын шақты. 

Нұрлан Мақсуренің айтуынша, қазір егін түгілі шөп шабындығы да бас ауыртар мәселеге айналған.

– Шыны керек, мал бағу, асырау да проб­лемаға айналды. Төрт-бес жылдағы қуаң­шылық шаруаларды әбігерге салуда. Егін салсақ күйіп кетеді. Пайдасынан зия­ны көп болып тұр. Соның кесірінен «егіс­тік жерді игермедіңдер» деп 20 есе­лен­ген айыппұл салып жатыр. Мәселенің түп төркініне бажайлап қарап жатқан еш­кім жоқ. Бармаған тау, баспаған жеріміз қал­мады. Әкімдікке, прокуратураға, са­лық комитетіне бардық, басқа да мемле­кет­тік ор­гандардың есігін тоздырдық. Не­гізгі ай­тарымыз, «Қарқаралыдан 145 шақырым жердегі Томар елді мекеніндегі егістікті жайы­лым ретінде қалдырыңыз­дар» деп өтінген едік. Алайда заң тар­ма­ғын­да жа­зыл­­ғандай, «егістік жерлер мем­ле­кеттікі» деген желеумен жауапқа тарты­лып отыр­мыз, – дейді Нұрлан Мақсуре.

Бірнеше жыл жауын жаумай, жер қуа­рып, өнім шықпай, шығынға батқан ша-р­уа айыппұл арқалағанына наразы.

– Егер біз сол жерден пайда көретін бол­сақ, айырыламыз ба? Жоқ. 3-4 жыл егін егіп, банкротқа ұшырағаннан кейін д­о­­­­ғардық. Қазір егістік емес, малға ша­батын шөп – проблема. Енді келіп, қуаң­шы­лық қысқан кезде «сен егін екпедің» деп айыппұл салғанына түсінбей отырмыз. Менің өз басыма 145 мың теңге, Қапан ақ­­­сақалдың қожалығына 1 миллионнан ас­там айып салынған. Үкіметтің егістік жер­ді қадағалағаны дұрыс. Бірақ әр ай­мақтың жағдайына қарауы керек емес пе?! Кейде Қарқаралының орталығына жауған жаңбыр Томарға жоламайды. Томардың же­рі басқа аудандардағыдай құнарлы емес. Соны түсінуіміз керек емес пе?! – дей­ді «Бахтияр» шаруа қожалығының құ­рылтайшысы. 

Шаруаның жанайқайын түсінуге бо­лады. Тың жер деп «тырнағын» басқан кеңес дәуіріндегі егістікке айналған жер­лердің біразы бүгінде құнарсыз. Бір ғана Қа­рағанды облысының Нұра, Осакаровка аудандарында жерге таяқ тыға салса, тал болып шықса, Қарқаралы мен Ақтоғай аудандарының жері шынымен де егістікке келмейді. Шырылдап жүрген шаруаның айтары да осы. 

Бір қызығы, ауылдағы шаруа айыппұл салынатыны туралы ескерту келгенде ғана дәл осындай заң барын білген. Шал­ғай­да­ғы ауыл тұрғындарына интернет те то­лық жетпеген. Бұл енді басқа әңгіме...

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы