Ертең Түркістан облысы мен Шымкент қаласында қатты ыстық болады деген болжам бар.
«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, 25-26 шілде күндері Шымкентте күндіз күн 40-42 градусқа дейін ысиды. Ал, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарда ауа температурасы 43-45 градусқа дейін көтерілмек. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар қызметі күн астында көп жүрмеу керектігін ескертеді. Көшеге шыққан жағдайда қорғанып, қауіпсіздік шараларын сақтану қажеттігіне назар аударады.
Күн мен ыстық соққысының жиі кездесетін белгілері:
- бастың айналуы;
- қатты бас ауруы;
- кейде жүрек айнуы және құсу;
- көздің қараңғылануы;
- кейбір жағдайларда мұрыннан қан кету;
- жылдам импульс;
- ентігу.
Алдын алу шаралары:
- Көшеде болуды шектеу, физикалық белсенділікті азайту қажет.
- Үй-жайларда болған кезде оларды желдетуді қамтамасыз ету қажет - желкөздерді, терезелерді ашу, желдеткіштерді немесе кондиционерлерді пайдалану.
Көшеге шыққан кезде табиғи маталардан (мақта, зығыр) ашық түсті жеңіл киім кию ұсынылады, киім қақпасының тығыз болмағаны жөн. Күйіп қалмас үшін дененің үлкен бөліктерін 15-30 минуттан артық ашуға болмайды.
- Көшеде міндетті түрде бас киімді (жазғы қалпақ, панама, орамал және т.б.), күннен қорғайтын көзілдіріктерді, қолшатырларды пайдалану қажет.
- Сусызданудың алдын алу үшін көп мөлшерде сұйықтық ішу ұсынылады. Алкогольді ішуге қатаң тыйым салынады.
- Ас қорыту жүйесін шамадан тыс жүктемеу керек, сондықтан ыстық ауа-райында жеңіл тамақты кішкене порциялармен және бөлшектеп ішу керек.
- Күні бойы мүмкіндігінше душ қабылдау немесе дененің бөліктерін салқын дымқыл майлықтармен, дымқыл сүлгімен сүрту ұсынылады.
- Жеке және қоғамдық көліктерде сапарларды шектеу керек немесе оларды таңертең немесе кешке, жылу азайған кезде жоспарлау керек.
- Егер сіз автокөлікпен сапар шегуіңіз керек болса, онда автомобильдің ішкі салоны өте ыстық екенін ескеріңіз, сондықтан шуақты күнде ашық тұрған көлікке отырмас бұрын алдымен барлық есіктерді ашыңыз немесе желдету үшін әйнектерді түсіріңіз. Ол үшін шамамен 3-4 минут жеткілікті.
Есіңізде болсын, күн немесе жылу соққысын алу қаупі әсіресе қарттар мен балаларда бар, өйткені олардың терморегуляция жүйесі жетілмеген. Жүрек-қан тамырлары аурулары, метаболикалық бұзылулар, эндокриндік аурулары бар адамдарға да ыстық қауіпті.
Күн немесе жылу соққысының алғашқы белгілері байқалған жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек!