Сатылымға ұсынылған спорттық аяқкиім 1990 жылдардың ортасында аз ғана таралыммен тігілген.
Компания қызметкерлеріне сыйлық ретінде берілген. Аяқкиім бұрын-соңды көпшілікке сатылмаған.
Бағасы - 50 000 АҚШ доллары.
50 000 долларға сатылатын кроссовка
1,095
оқылды

Сатылымға ұсынылған спорттық аяқкиім 1990 жылдары шектеулі таралыммен шығарылған. Ол компания қызметкерлеріне сыйлық ретінде конференцияда берілген.

Аяқкиім бұрын-соңды көпшілікке сатылмаған. Aikyn.kz спорттық жұптың неліктен 50 000 долларға бағаланғанын  BBC News материалына сілтеме жасап түсіндіреді. 

Фото SOTHEBY'S сайтынан алынды

Apple компаниясының сирек кездесетін кроссовкалары Sotheby's аукционында 50 000 долларға сатылады. Аяқкиімнің үстіңгі жағы ақ былғарыдан жасалған, «көрнекті деталь» – бұл тілдегі де, баулардың жанындағы Apple-дің ескі кемпірқосақ түсті логотипінің нұсқасы тігілген», – делінген Sotheby's аукционының хабарламасында.

Сатушы кроссовкалардың қайта сату нарығындағы сиректігін және құндылығын көрсете отырып, оларды «өмірде ешқашан қайталанбайтын нұсқалардың бірі» деп атады.

Аңыздар осылай жасалады. Мына видео роликтен тамашалаңыз:

 

Omega х Apple деп аталатын спорттық аяқкиім «қораптан шығарылған» жаңа болғанымен, сипаттамада олардың кейбір кемшіліктері де көрсетілген. 33 жыл бұрын шығарылған спорттық жұптың ортаңғы табаны сарғая бастаған.

Жұптың өкшесіне ауа жастықшасы бар саңылау жасалған және өлшемі АҚШ стандарты бойынша 10,5; Еуроодақ-та 41 немесе Ұлыбританияда 8,5. Сондай-ақ қорапта қызыл түсті қосымша баулары бар.

Уақыт өте келе аңызға айналған Apple компаниясының естелік заттарының бағасы күрт өскені белгілі. Оның барлық заттары нарықта үздік болмаса көптеген ретро-гаджеттері қазір жоғары бағаға сатылатын коллекцияға айналды.

Фото SOTHEBY'S сайтынан алынды

Pippin деп аталатын дәстүрлі ойын консолі болды, оның бағасы өте қымбат болды, Ping деп аталатын әлеуметтік желісі мен Newton MessagePad құрылғысы да сәтсіз жобалар деп саналады.

Дегенмен Apple-дің өте сәтті деген құрылғылары аукциондарда қымбат бағаланып келеді. Мысалы, соның бірі АҚШ аукционында 190 372 долларға сатылған iPhone 4 ГБ бірінші шығарылымы болды. 

Мұның тағы себебі коллекционерлер тек Apple компаниясына ғана емес, оның басты қозғаушы күші болған Стив Джобсқа деген құрметін көрсетуі болар деп ойлаймыз.

Көпшіліктің есінде Стив Джобс адамзатқа қалталы телефон нарығында жаңа дизайнмен, технологиялық шешіммен, сенсорлық экранмен тұңғыш рет революция жасаған талантты инженер, көшбасшы ретінде қалды. Ол әлемге таңғажайып iMac, iPod, iPhone және iPad-ты сыйлады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Picture alliance

Apple өзінің гаджеттері мен инновациялары арқылы танымал болғанымен, кейде технология әуесқойлары брендтің киімдері мен аксессуарларын да сатып ала алады. Apple коллекциясынан кемпірқосақ түсті логотипі мен Macintosh компьютерлік суреттерін қамтитын киім желісі болды.

Оған жеңсіз көйлектер, жейделер, тоқыма көйлектер мен баскиімдер кірді. Компания маркетологтері мұны Apple брендін ілгерілету және қоғамдастық сезімін қалыптастыруды көздеп шығарды. Бірақ алғашқы шығарылымдар сәтті болғандықтан, компания мұндай тәсілден бас тартты.

2015 жылы Apple сағат бауларының топтамасын жасау үшін Hermès сәнді брендімен серіктес болды. 2020 жылы компания Афроамерикалық тарих айының құрметіне арнайы сағат бауын да шығарды.

Қызметкерлер үшін Apple Park күртешелері жасалды, олар компанияның Калифорния штатындағы Купертино қаласының бас кеңсесінде жұмыс істейтіндерге арналған.